Алматы облысында сыныптасының қолынан қаза тапқан 11-сынып оқушысының өлімі жайлы жаңа дерек шықты, деп жазады
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, Қаскелеңде түлектер мектеп бітіру кешін атап өтпек болып, коттедж жалдап, кеш ұйымдастырған.
"Отырыс кезінде сыныптастар арасында жанжал туындап, сол кезде біреуі екіншісіне сол жақ кеуде тұсына кәуап пісіретін шампур тығып алған. Жәбірленуші сол жерде қаза тапты", – делінген полиция есебінде.
Сыныптасын өлтірген оқушы ұсталды.
”Кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция күдіктінің кім екенін анықтап, ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жасөспірімнің заңды өкілдері бала тәрбиелеудегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – делінген полиция таратқан хабарламада.