Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қатыгездердің қолынан өле берсе, болашақтан не хайыр?!”. Ақбота-Нұр Ақнәрдің жұмбақ өлімі жайлы айтты

13:43, 25 мамыр 2025 712

Әнші, актриса Ақбота-Нұр Алматыда жұмбақ жағдайда қаза тапқан Ақнәр Хамиттің өліміне қатысты пікір білдірді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Ақнәрдің ғұмырының қасақана қорланып қиылғанын, Ақнәрді азаптау іс-әрекеттері камераға түскен ап-анық итеріп құлатқан жазбасы, қаншама көзге ұрып тұрған дәлелдердің жеткілікті болып тұрғанын көре тұра, істің неге 10 айға созылып, қылмыстылардың бостандықта жүргенін санамыз қорытпайды. Қандай қоғам мынау? Әділет қайда? Мәпелеп баққан, мәдениетті бір туар балалар осылай бассыз кеткен қатыгездердің қолынан өле берсе, болашақтан не хайыр?! Құрметті сот орындаушылар, заң тарапы сіздерден әділдік талап етеміз! Бұл 22 жастағы Ақнәрдің ғана емес, бүкіл елдің тағдыры! Ақнәр үшін әділдік!", - деп жазды әнші.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар