Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“2 баласы мен анасы”. Павлодарда автокөлік өртеніп, бір отбасы мүшелері зардап шекті

19:59, 25 мамыр 2025 125

Павлодарда көліктен өрт шығып, отбасы зардап шекті.

Зардап шеккен ерлі-зайыптыларды балаларымен бірге ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар қаласы Олжабай батыр көшесі мекенжайы бойынша автокөліктің жануы туралы хабарлама келіп түскен.

Келген өрт сөндірушілер жедел сөндіруге кірісіп, жарылысқа жол бермеді, – деді департаментте.

Сондай-ақ, жедел жәрдем қызметкерлері мен ТЖД АМО бригадасы зардап шеккен 5 адамға, оның ішінде әйел мен күйік шалған жүргізушіні қарап, оларға көмек көрсетіп, балаларымен бірге ауруханаға жеткізді.

Төтеншеліктер тұрғындарға автокөліктегі өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды ескертті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар