Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматы облысында мектеп оқушысының өз сыныптасын өлтіргені хабарланды

16:19, 24 мамыр 2025 408

Алматы облысында 11-сынып оқушысы өз қатарласын өлтірді деген күдікке ілінді. Бірден ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды ALASH.KZ порталы.

"Кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, полиция басқармасы білім басқармасына өз құзыреті шеңберінде шара қолдану үшін тиісті ұсыныс жолдады", – деп хабарлады полиция департаменті.

Қазір құқық қорғау органдары іске кірісіп, қылмыстың барлық мән-жайын анықтап, жан-жақты зерттеу үшін қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар