Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ақнәр өзі сыра ішуге шақырған». Күдікті қыздың қорғаушысы ел күтпеген мәлімдеме жасады

13:12, 24 мамыр 2025 651

Алматыда 22 жасар Ақнәр Гүлістан «Amir» тұрғын үй кешенінде жетінші қабаттан құлап қайтыс болған соң, жақындары полицияның қателігін айтып, күдікті деп танылуы тиіс екі қыздың арада 9 ай өтсе де, куәгер болып бостандықта жүргендеріне наразылықтарын білдірген. Бүгін осы іс бойынша тың дерек шықты, деп хабарлайды ALASH.KZ порталы  MADENIPORTAL.KZ порталына сілеп. 

Бұл туралы Инстаграм әлеуметтік желісінде Abdulla_kz_kz парақшасы ақпарат таратты.

Бүгін күдікті саналған Дидар Мұқияттың адвокаты Жандос Палманов «іске қатысты өз айтарымыз бар» деп баспасөз мәслихатын өткізді.

Баспасөз мәслихатында іс бойынша қорғалуға құқығы бар деп танылған Дидар Мұқият та, не оның туыстары да болмады. Тек адвокаты ғана сұрақтарға жауап берді. Адвокаттың айтуынша, Ақнәр Гүлістан сол түні қыздарды сыра ішіп отырайық деп өзі шақырған. Ал «оны ұрып, қинады» деп көрсетілген бейнежазба толық емес, сол түні «қос қыз керісінше оны тыныштандырып, сабырға шақырған». 

Адвокат Қытай Халық Республикасының азаматшасы КИМЭП түлегі Дидар Мұқияттың қазіргі таңда әлеуметтік желіде тарап кеткен Ақнәр Гүлістанға қатысты бейнежазбалардан соң қоғамнан қысым көргенін айтты. Сол үшін оның іске еш қатысы жоқ екенін жеткізу мақсатында бірнеше бейнежазбаны қорғаушы Палманов журналистердің назарына ұсынды. Қорғаушы ұсынған бейнежазбада қыздың бұған дейін терезеден секірмеші болып жүгірген іс-әрекеті әрі оны Дидар Мұқияттың ағасы сабырға шақырып жатқаны бейнеленген. Араларындағы диалог қытай тілінде болған.

Адвокаттың айтуынша, түнде Ақнәр теледидарды сындырады. Ол өзін жаман ұстай бастайды. Кадрларда оның еденде қалай жатып, Құраннан сүрелерді айқайлап айтып жатқанын көруге болады. Осы уақытта қыздар оны ұстап, тыныштандыруға тырысады.

Адвокат түсіндіргендей, екі қыз басқа бөлмелерде жасырылады. Олар қайтадан бөлмелерден шыққан кезде пәтерден Ақнәрді таппады. Содан кейін ғана олар терезеден қарап, досының секіріп кеткенін көреді.

Еске сала кетейік, 22 жастағы Ақнәр Хамит былтыр шілде айында Алматыдағы Amir тұрғын үй кешенінің 7 қабатындағы пәтердің терезесінен құлап, көз жұмған. Марқұмның анасы Гүлістан Хамит қызын өлер алдында таныстары пәтерде әбден азаптағанын айтады. Ол Ақнәр терезеден өзі секіріп кетуі мүмкін деген болжаммен үзілді-кесілді келіспейді. Марқұмның анасы істің әділ тексеріліп, кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар