Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қазақстан Журналистер Одағынан кейін Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровты қолдады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы “Адырна” ұлттық порталына сілтеп.
“Мен Павел Дуровқа және Telegram командасына соңғы оқиғаларға байланысты қолдауымды білдіргім келеді. Сенбі күні Павелдің француз билігімен контент модерациясының жоқтығы және құқық қорғау органдарымен ынтымақтастықтан бас тартқаны үшін ұсталғаны хабарланды” деп жазды ол Facebook парақшасында.
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің атынан министр Telegram командасымен өзара әрекеттесуде оң тәжірибе жинақтағанын атап өтті.
“ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі атынан Telegram командасымен өзара әрекеттесудің оң тәжірибесі қалыптасқанын атап өткім келеді. Біз дербес деректердің таралуын, есірткі трафигімен күрес және мессенджердегі басқа да заңсыз әрекеттерді тоқтату бойынша мәселелерді бірнеше рет сәтті әрі жедел шештік. Telegram командасы әрдайым азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ынтымақтастыққа дайын, құпиялылық пен сөз бостандығын қорғау қағидаттарына адал болып келеді” деп қосты ол.
Сондай-ақ, ол Телеграм қосымшасының Қазақстанда танымал желі екенін атап өтті.
“Қазақстанда Telegram – ең танымал мессенджер, оны 12 миллионнан астам адам пайдаланады, бұл оның қоғамымыз үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Біз цифрлық кеңістікте қауіпсіздік пен еркіндік арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың маңыздылығын түсінеміз және Telegram-мен конструктивті ынтымақтастықты жалғастыруға дайынбыз” деді Жаслан Мәдиев.
Сонымен бірге ол Дуровтың командасына балалардың дамуына шынайы қызығушылық танытқаны үшін алғысын білдірді.
“Сонымен қатар, Павел Дуров Қазақстанға өткен сапарында қазақстандық ауыл балаларына қолдау көрсетуге бағытталған «IQanat» жобасының қамқоршыларының бірі болып, $365 000 сомасына 12 грант бөлді. Ол тек қаржы бөлумен шектелмей, оқу процесін зерттеуге, балаларды іріктеуге, олардың өмірбаяны мен мектептегі үлгерімін зерделеуге тікелей қатысты” деп жазды Мәдиев.
Еске сала кетейік, 24 тамызда Дуров Францияның Ле Бурже әуежайында ұсталған болатын.
Министр Жаслан Мәдиев Павел Дуровтың сөзін сөйледі

“4 адам қаза тауып, 3 адам жараланған” - Ақтөбе облысында жантүршігерлік апат орын алды
21:08, 15 тамыз 2025 610
“СССР деген жазуы бар жейде киген” - Ресейлік Министр Америкада ерекше киімімен көзге түсті (ВИДЕО)
19:54, 15 тамыз 2025 779
“Асфальтта пышақпен аяусыз соққыға жыққан” - Семейде сұмдық жанжал орын алды (ВИДЕО)
19:17, 15 тамыз 2025 518
“Баланы 10 минут бойы қысып, азаптаған” - Алматылық тәрбиешінің сұмдық әрекеті елді шошытты
18:27, 15 тамыз 2025 419
Жетісу облысында үш жылда саябақ, сквер, аллея түрінде 18 жасыл аймақ жасалды
16:09, 15 тамыз 2025 116
“300 мың берсем бола ма?” - Алматыда бейтаныс адам қыз балаға сұмдық ұсыныс жасаған (ВИДЕО)
15:10, 15 тамыз 2025 734
“Жыладым. Бүкіл сырын маған ашты”. Мақпал Жүнісова Нұрқаділов жайлы ел естімеген естелігін айтты
14:46, 15 тамыз 2025 718
“Педагогтардың қорғаны”. Сүйінші! Аймағамбетов бар қазақты қуантатын жаңалығын бөлісті
12:54, 15 тамыз 2025 535
“Кішкентай қыз лифт шахтасына құлап кетті” - Астанадағы оқыс оқиға елді алаңдатты
10:35, 15 тамыз 2025 233
“Алты айда алты соғысты тоқтатамын!”: Трамп ешкім күтпеген мәлімдеме жасады
09:55, 15 тамыз 2025 895
"Әкесі - Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай" - Маңғыстау облысының әкіміне қатысты тың ақпарат шықты
20:21, 14 тамыз 2025 2482
“Денсаулығым сыр берді, барлығын жүрекке қабылдаймын”. Мереке Қалбаева елді алаңдатып қойды
18:09, 14 тамыз 2025 3810