Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жағдайы өте ауыр: Сара Назарбаеваның қазіргі жағдайы туралы шұғыл ақпарат шықты

12:00, 12 мамыр 2025 322

Сара Назарбаева қазіргі уақытта Президент Іс Басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде ем қабылдап жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берілген жауапта айтылды, деп хабарлайды ALASH.KZ.

5 мамырда Сара Назарбаеваның жағдайы ауыр екені хабарланған болатын.

“Барлық медициналық шаралар бекітілген стандарттарға сәйкес, білікті мамандардың бақылауымен жүргізіліп жатыр”, – деп хабарлады 9 мамыр күні кешке Ұлттық госпиталь мамандары.

Сонымен қатар, медициналық мекеме әкімшілігі қазіргі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, науқастың диагнозы, денсаулық жағдайы, емдеу әдістері мен нәтижелеріне қатысты ақпарат дәрігерлік құпия болып саналатынын атап өтті.

Мұндай мәліметтерге қолжетімділік тек пациенттің келісімімен немесе заңда көрсетілген өзге де негіздер бойынша ғана мүмкін.

“Сондай-ақ медициналық этика және кәсіби жауапкершілік қағидаларына сәйкес, медициналық ұйымдар жеке медициналық деректермен жұмыс істеу барысында құпиялылық режимін қатаң сақтау міндетті. Ақпаратты жарияламау туралы шешім науқастың заңды құқықтарын – жеке өміріне қол сұқпау, құрмет көрсету және емдеу процесіне кедергі келтірмеу мақсатында қабылданды”, – деп қосты медициналық мекеме өкілдері.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар