Ақмола облысының Атбасар қаласында жас ана босану кезінде нәрестесінен айырылды. Отбасы медициналық қызметкерді салғырттық жасады деп айыптап, жауапкершілікке тартуды сұрап отыр, деп жазады Alash.kz.
Жәбіпленушінің айтуынша, қайғылы жағдай таңғы сағат 04:47-де тіркелген. Отбасының өкілі оқиғаның қалай өрбігенін былай дейді:
“Акушер-гинеколог босанып жатқан әйелдің ішін шынтағымен басты. Нәтижесінде бала мерт болды. Содан кейін ол өліп қалған нәрестені босануға мәжбүрледі. Сағат 05:15-те келінім маған телефон шалып, босану кезінде баланың жүрегі тоқтап қалғанын айтты. Мен түні бойы дәрігердің қоңырауын күттім, бірақ ешкім хабарласпады! Дәрігер тіпті кешірім де сұрамады. Баланы тексеру үшін Көкшетауға алып кетті. Біз әділдікті талап етеміз! Неліктен олар шұғыл шараларды қолданбады? Бұл салғырттыққа кім жауап береді?”
Оқиға жария болғаннан кейін облыстық денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тексеріс бастағанын хабарлады. Атбасар аудандық полиция бөлімінде де іс тіркелген.
Полиция департаменті ресми түсініктемесінде материалдың әрі қарайғы тәртібін нақтылады:
Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес құжаттар Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментіне жолданған.
Ведомствоның мәліметінше, зерттеу қорытындысына қарай соңғы процессуалдық шешім қабылданады.
Қазір тергеу аясында медициналық құжаттамалар қаралып, қажетті сараптамалар тағайындалуда. Сараптама нәтижелері дәрігердің әрекетіне құқықтық баға беруге негіз болады.