Германияда полиция алты жасар қызды зорлады деген күдікпен румыниялық мигрантты іздеп жатыр, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Полицияның мәліметінше, қылмыс 9 тамызда болған.
Тергеу мәліметтері бойынша, Румыния азаматы алты жасар қызды Руст қаласындағы (Баден-Вюртемберг) Рулантика аквапаркінде кездестірген. Қыздың ата-анасынан тыс, шетелдік азамат баланы ойын-сауық кешенінің сыртына алып кеткен. Қыз бірнеше сағаттан кейін аквапарктің өзінен бірнеше шақырым жерде орманда табылды.
Қазір полицейлер, тергеудің мәліметінше, балаға жәбір көрсеткен ер адамды іздестіріп жатыр. Бейнебақылау камераларынан оның Рустқа жақын жерде тұратын 31 жастағы Румыния азаматы екені анықталды.
Қазірдің өзінде іздеуде жүрген азаматты қамауға алу туралы санкция берілген.
Полицияның мәліметінше, күдіктінің бұрын заңмен проблемалары болған - ол ұрлық пен алаяқтық үшін сотталған.