Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шұғыл жаңалық: Владислав Челах мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін

15:57, 17 тамыз 2025 2089

Өмір бойына бас бостандығынан айырылған адамдар, соның ішінде Владислав Челах пен Руслан Күлекбаев сияқты сотталғандар, белгілі шарттар орындалған жағдайда шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін. Бұған дейін бұл санаттағы сотталушылар үшін мерзімінен бұрын босатуға тыйым салу конституцияға қайшы саналатын еді. Бұл туралы Stan.kz агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтарына сілтеме жасап хабарлайды.

Қылмыстық кодексіндегі соңғы өзгерістерге сәйкес, өлім жазасы жойылғаннан кейін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасымен алмастырылған адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарасы қолданылады.

Түсініктемеде: "Конституцияның 15-бабында өлім жазасына тыйым салынған, ал қылмыстық және қылмыстық-атқару заңнамаларынан өлім жазасына қатысты нормалар алынып тасталды. Сондықтан бұл сотталушыларға қатысты шектеулерді сақтау Конституцияға сәйкес келмейді", – делінген.

Адвокаттардың айтуынша, бұрын қылмыстық кодексте өлім жазасы қарастырылған, бірақ кейін оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасымен алмастырған. Заңда құқықтық қайшылықтар қалған. "Өмір бойына бас бостандығынан айыру" деген тұжырым іс жүзінде адамның өмірінің соңына дейін түрмеден шықпайтынын білдіреді. Алайда шартты түрде мерзімінен бұрын босату жүйесі бойынша, 25 жыл түрмеде отырған сотталушы белгілі жағдайларда бостандыққа шығуы мүмкін.

Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы аса ауыр қылмыс жасағандарға тағайындалады: адам өліміне әкелген террористік әрекеттер, аса қатыгез кісі өлтіру немесе педофилия сияқты қылмыстар. Өткен жылы педофилия үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы енгізілді.

Еске салсақ, 2012 жылы Алматы облысындағы "Арқанкерген" шекара бекетінде 14 шекарашы мен бір қорықшы қаза тапқан. Аман қалған бір сарбаз Владислав Челах қыстаудан табылып, басты күдікті ретінде ұсталған. 2012 жылы 11 желтоқсанда сот Челахты 15 адамның өмірін қиюға айыптап, өмір бойына бас бостандығынан айырған. Руслан Күлекбаев 10 адамның өліміне себеп болған шабуыл үшін өмір бойына сотталған. Түрмелерде өмір бойына бас бостандығынан айырылған басқа да қауіпті қылмыскерлер бар, олардың нақты саны белгісіз.

Шартты түрде мерзімінен бұрын босату тек 25 жылын өтеп, оң мінездемеге ие болып, қоғам үшін қауіп төндірмейтінін дәлелдеген сотталушыларға ғана қолданылады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар