Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Мені үнсіз қалдыру үшін сылтау ойлап табуда” - Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина не үшін тергелді?

14:16, 17 тамыз 2025 236

17 тамыз күні таңертең Алматыда белгілі құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина тергеуге алынды, деп хабарлайды Alash.kz.

Төреғожина Алмалы аудандық ішкі істер басқармасына жеткізіліп, тыйым салынған “Қазақстанның демократиялық таңдауы” қозғалысына қатысты іс бойынша тергелді. Бірақ оның айтуынша, бірнеше сағатқа созылған допрос барысында нақты сұрақтар қойылмаған. Бұл туралы қоғам белсендісі Facebook парақшасында жазды:

”Билік мені қорқытып, үнсіз қалдыру үшін түрлі сылтау ойлап табуда. Бірақ олардың бұл әрекеті мені тоқтата алмайды”, – деді құқық қорғаушы әлеуметтік желідегі жазбасында.

Оның сөзінше, тергеу аяқталған соң полиция оны ғимараттың артқы есігінен күштеп шығарып, қолдау білдіруге келген адамдармен кездестірмей, үйіне апарып тастаған.

Адвокат Ғалым Нұрпейісовтің мәліметінше, Төреғожина таңғы жетілер шамасында Ганди саябағында ұсталған. Полиция бұл әрекетін “жоспарланған митингпен” байланыстырған. Заңгердің өзі де полиция ғимаратынан күшпен шығарылғанын айтты.

Бақытжан Төреғожина – Қазақстандағы ең танымал құқық қорғаушылардың бірі. Ол “Ар.Рух.Хақ” ұйымын басқарады және ондаған жыл бойы саяси тұтқындарды қорғап, адам құқықтарының бұзылуын қадағалап келеді.

Биылғы шілде айында ол белсенді Марат Жыланбаевтың жағдайы туралы жазбасы үшін 78 мың теңге айыппұл төлеуге мәжбүр болды. Сол кезде ол Жыланбаевтың аштық жариялағанын хабарлаған еді, бірақ сот оны жеке тыңдаудан бас тартқан.

2023 жылы ол АҚШ Мемлекеттік департаментінің “Әйелдердің ерлігі үшін” халықаралық сыйлығын алды. Бұл марапат оған ұзақ жылдар бойы құқық қорғау қызметі мен Қаңтар оқиғасының құрбандарын құжаттап, жариялағаны үшін берілген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар