АҚШ-тың Айова штатындағы Де-Мойн қаласында полиция жасөспірім екі баланы адам төзгісіз жағдайда қалдырған әйелді қамауға алды, деп жазады Alash.kz.
Тергеу мәліметіне сәйкес, 6 және 7 жастағы екі бала тіркемелі үйде (дом на колесах) жалғыз қалған. Үйдің жағдайы адам тұруға мүлде жарамсыз болған. Жылу жүйесі істемеген, су мен тамақ жоқ, ал бөлмелер қоқыс пен жәндіктерге толып кеткен.
Балалардың қауіпсіздігін тексеруге барған детективтердің бірі мұндай жағдайды өмірінде алғаш көргенін айтады:
- “15 жылдық қызметімде мұндай сорақы өмір сүру жағдайына алғаш рет тап болдым”, - деді ол.
Балалар шұғыл түрде қамқоршылық органдарына тапсырылды. Ал олардың анасы Аманда Майерс оқиға орнынан қашып кеткен. Кейін қолға түскен әйелге 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Сотта Майерс өзін қатаң жазалаудан гөрі психикалық дерт пен есірткіге тәуелділіктен емдеуді қажет ететінін жеткізді. Алайда судья оның сөзін негізсіз деп тауып, жағдайдың салдары өте ауыр болуы мүмкін екенін ескертті:
- “Егер көмек дер кезінде көрсетілмегенде, бұл үйден балалардың мәйіті табылуы ықтимал еді”, – деді ол.
Қазіргі таңда істі сот қарап жатыр. Әлеуметтік қызметкерлер балалардың жағдайын өз бақылауына алған.