Қостанайда сот 2025 жылдың сәуірінде арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында баланы үтікпен күйдірген тәрбиешіге үкім шығарды, деп хабарлайды ALASH.KZ соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
“Б.-ның қылмыстық әрекеттерінің салдарынан жәбірленуші К.-ға жеңіл дәрежедегі дене жарақаты келтірілген”, – делінген хабарламада.
Істің барлық мән-жайын ескере отырып, сот айыпталушы Б.-ға түпкілікті жаза ретінде 6 ай мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Сондай-ақ, оған 3 жыл мерзімге педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмысқа байланысты қызметтер атқару құқығынан айыру жазасы кесілді.
Жазаны өтеу мерзімі ішінде пробациялық бақылау орнатылып, айыпты жазаның толық мерзімі бойы мәжбүрлі еңбекке тартылатын болды.