Мұхамеджан Тазабек әлеуметтік желіде отбасындағы қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды ALASH.KZ сайты.
Ол екі күннен кейін қызын ұзатқалы жатқандығын айтты.
«Бүгін қызым Фатимамен қалаға қыдырып шықтым. Бұл жолы ерекше себеп бар. Қандай деп ойлайсыз? Алла қаласа. екі күннен кейін қызымды ұзатқалы жатырмын. Соның алдында әке мен қыз болып сырласып, өмір туралы әңгімелесіп, түйген тәжірибе, ақыл-өнегенің түйінін айтып уақыт өткіздік», — деп жазды ол.