Қазақстанның бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов ұсталды. Бұл ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі растады, деп жазады Alash.KZ.
«Еңбек және әлеуметтік қорғау экс-вице-министрі Ақмәди Сарбасов ұсталды. Қазіргі таңда ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті қызметінде болған. Кеше Алматы қаласының тергеу сотының кестесінде Сарбасовтың аты-жөні пайда болды. Осыдан кейін біз тергеу органдарына және министрлікке сауал жолдадық. Алайда нақты ақпарат тек бүгін белгілі болды» деп жазылған хабарламада.
Қазіргі таңда Сарбасовтың нақты қандай іс бойынша ұсталғаны және оған қандай айып тағылғаны белгісіз.
Сарбасов 2020-2025 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болып қызмет атқарды. 2025 жылғы 9 сәуірден Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығының президенті болып тағайындалды.