Қазақстандық дәрігер Лондонға бағыт алған ұшақта адам өмірін құтқарып қалды, деп хабарлайды ALASH.KZ Stan.kz сайтына сілтеп.
Оқиға 30 мамырда Air Astana әуе компаниясының KC 663 рейсінде болған.
Ұшақ Бішкек үстінен өтіп бара жатқанда жолаушылардың бірі өзін жайсыз сезініп, қан қысымы көтеріліп, ентігу мен жүрек тұсында ауырсыну пайда болған.
Сол сәтте экипаж жолаушылар арасында дәрігер бар-жоғын сұраған. Абырой болғанда, ұшақта 20 жылдан астам тәжірибесі бар акушер-гинеколог болған.
Ол науқасқа алғашқы көмек көрсетіп, жағдайын тұрақтандырған.
Ұшақ Лондонға сәтті қонып, жолаушының жағдайы жақсарған.