Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтауда мейрамхана маңында жаппай төбелес болды (ВИДЕО)

09:00, 11 мамыр 2025 554

Ақтауда мейрамхана маңында жаппай төбелес болды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Lada.kz хабарлауынша, оқиға Ақтауда 9 мамырға қараған түні болған. Куәгер түсірген кадрда облыс орталығындағы 5-шағын ауданда орналасқан «Пинта» мейрамханасына қарама-қарсы жол бойында он шақты жігіттің төбелесіп жатқанын көруге болады.

Оқиға жолда көлік кептелісін тудырды. Видеода оқиға орнына полиция патрульінің жеткені де көрінеді. Төбелеске қатысушылар ұсталды.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген Маңғыстау облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар