Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Төлінен қалмайтын сиыр сияқты" - Меруерт Түсіпбаева мобилограф ертіп жүретін әртістерге шүйлікті

14:20, 27 маусым 2025 100

Қазақстанның белгілі әншісі Меруерт Түсіпбаева соңғы кезде әртістер мен блогерлердің қадам сайын мобилограф ертіп жүретініне наразылығын білдірді, деп жазады Аlash.kz. Оның пікірінше, әр қадамды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеу әдептен тыс әдетке айналған.

«Төлінен айырылмайтын сиыр секілді – мобилографты да жанынан бір сәт ажыратпайды. Әжетханаға кірмегенінен басқаның бәрін түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеп отырады. Мұндай әдетті ешқашан түсіне алмаймын», – дейді ол.

Түсіпбаева атап айтқан жайттың бірі — жуырда өткен белгілі азаматтың ұлының үйлену тойы. Мейрамханада ұйымдастырушылар арнайы күзет қойып, залдың есігінен әрі мобилографтарды жібермеген.

«Event-агенттік қызметкерлері “Сіздерге бөлек үстел әзірленген, залға кіруге болмайды” деп нақты ескертті. Дұрыс-ақ: тойға келген әр қонақ аты-жөнімен шақырылған, ол орынға ақша төленген. Шақырылмаған адам­ның залда емін-еркін жүруі қандай логикаға сыяды?» — деп түсіндірді әнші.

Соған қарамастан, блогерлер мен кей әртістер жеке операторын тіпті мерекелік дастарқан басына отырғызуға дейін баратынын аңғарған. Осы құбылысты әнші «контент пен статистикаға табынудың шегі жоққа айналды» деп сипаттайды.

«Бәрі де “қамту, охват, қаралым!” деп жанталасады. Ақпарат ағыны қажетсіз сәттерді де көрсетуді міндетке айналдырды, ал бұл — нағыз кесел», — деп түйіндеді Меруерт Түсіпбаева.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар