Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Президент мені күтіп тұр» - Сауық Жақанова Тоқаевтың қолынан орден алған сәті туралы айтты (Видео)

11:37, 27 маусым 2025 254

Қазақстан ұлттық арнасының «1001 түн» студиясында Сахара сандуғашы атанған, алтын дауысты диктор Сауық Жақанова қонақта болды. Күні кеше Мемлекет басшысының қолынан «Парасат» орденін алған ардагер диктор марапаттаудан кейінгі әсерін айтты, деп жазады Alash.kz. 

«Енді, Ақорда – ғажап. Қазақтың оюымен көмкерілген аппақ төсеніштер, әдемі дәліз, қабырғаларына қарап тасандым. Президентті көргенім, дәл жанында тұрғаным, орденді кеудеме қадағаны... Түсім бе, өңім бе деп аласұрдым. Орденді таға бере, маған қарап қолын алға созғандай болды. Мен жүре бердім, сөйтіп суретке түсуді ұмытып кетіппін. Есіме түсіп, артыма бұрылсам, мені күтіп тұр. Сөйтіп екеуіміз суретке түстік», - дейді Сауық Жақанова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар