Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыдағы тұрғын үй кешенінде екі электрик токқа түсті (ВИДЕО)

15:26, 22 мамыр 2025 123

Алматыдағы тұрғынүйлердің бірінде екі ер адам токқа түсіп, дәрігерлердің көмегіне жүгінді.

Куәгерлердің айтуынша, жұмысшыларды ток соққаннан кейін олардың киімдері лап етіп жанып кеткен. От бірден тұтанып, лезде жанған. Куәгерлердің сөзінше, екі ер адам да есінен танып қалған, деп жазады Alash.KZ. 

Электриктің бірі есін тез жиған, ал екіншісін оқиға орнына келген медицина қызметкерлері есіне келтірген. Дәрігерлер зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейін олар ауруханаға жеткізілген.

Алайда, Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы соңғы үш күн ішінде ток соғу фактісі бойынша жедел жәрдем қызметіне ешқандай ресми өтініш түспегенін хабарлады.

Белгілі болғандай, электриктер «Жастар» тұрғын үй кешенінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Оларды нақты не себепті ток ұрғаны әзірге белгісіз. Пәтер иелерінің бірлестігі төрағасы бұл жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Ал тұрғындардың айтуынша, кешенде бірнеше аптадан бері жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның салдарынан тұрғындар жиі-жиі жарық пен сусыз қалып отыр.

 
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар