Әнші Досымжан Таңатаров құдай қосқан жары туралы сыр шертті, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Әнші бұл туралы журналист Әйгерім Сейфоллаға берген сұхбатында баяндады.
«Менің келіншегім сондай. Менсіз тойға бармайды. Менімен бірге барады, бірге жүреді. Кейде үлгере алмай жатқанымды айтып, «Өзің барып, құттықтап қайт» десем, «Кейін екеуіміз үйіне кіріп-шығамыз» дейді. Осы жерде реніш тудырамын ғой. Сонда «Мен сенсіз ол жерде өзімді жақсы сезіне алмаймын» дейді. Тіпті, төркініне менсіз баруға ыңғайсызданады. Менің туыстарымның ортасына да менсіз бармайды. «Сенімен ғана барайын» дейді. Кейде түсіндіріп айтамын, «Сен баруың керек, ұят болады» деймін. «Ұят болса да, сопиып өзім барғанша кейін екеуіміз барайық деп отырады», — дейді әнші.