Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанада тіршілікті қамтамасыз ету нысандары салынып жатыр

16:23, 22 мамыр 2025 47
 

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек  Instagram  парақшасында салынып жатқан тіршілікті қамтамасыз ету нысандары жайлы жазды, деп хабарлайды Alash.KZ сайты елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме беріп.

«Астананы қосымша тіршілікті қамтамасыз ету нысандарымен қамту бойынша жүйелі жұмысты ары қарай жалғастырып жатырмыз. Бұл нысандар қалаға жылу, су, электр энергиясы және т.б. жеткізуге мүмкіндік береді. Осыған дейін салынған жылу көздерінің арқасында жылу беру маусымы штаттық режимде, тоқтаусыз және апатсыз өтті.

Қазірдің өзінде жылу көздерін келесі жылыту маусымына дайындауға кірістік. ЖЭО-2 кеңейту жұмысын бастауды жоспарлап отырмыз, сондай-ақ «Тұран» газ жылу станциясының құрылысын толық аяқтауды көздеп отырмыз. Сонымен қатар, «Телман» газ жылу станциясының құрылысын да жүргізіп жатырмыз.

Бұдан өзге, қосымша 7 км жылу трассасын саламыз әрі 1,8 км жылу трассасын қайта жаңғыртамыз.

Электрмен жабдықтау желілері бойынша – «Арай» қосалқы станциясын пайдалануға беруді, жаңа 1 қосалқы станцияның (Қабанбай) құрылысын бастауды, перспективті құрылыс аудандарында 24 тарату/трансформаторлық пунктің құрылысын жалғастыруды, сондай-ақ 86 км кабель желісін (10 КВт) қайта жаңғыртуды жоспарлап отырмыз», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар