Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дженнифер Лопес пен «Қайрат» футбол клубы стадионға таласып қалды

14:53, 22 мамыр 2025 137

Кеше концерт ұйымдастырушылар әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопестің концерті 10 тамыз күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді деп мәлімдеген болатын. Бұл хабар «Қайрат» футбол клубын есеңгіретіп тастады, деп жазады Alash.kz. 

Өйткені олар 16 мамырда стадионды жарыс үшін брондап қойған. Сондықтан еурокубок аясындағы халықаралық міндеттемелеріне байланысты көрсетілген мерзімде стадионды пайдалануға болмайды, - деп отыр. 

«Қайрат» пен «Жеңіс» ресми матчы 9 немесе 10 тамызда Орталық стадионда өтеді деп жоспарланған. Сонымен қатар, 7 және 12 тамызда команда еурокубокқа қатысады. Осыған байланысты стадион УЕФА талаптарына сәйкес міндетті түрде дайындалады және бұл күндері басқа шараларды өткізуге болмайды», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Дженнифер Лопестің Қазақстанда екі концерті өтеді биыл жазда.  

Бірі 1-ші тамыз күні Астанада болатыны белгілі. Екіншісі Алматыда ұйымдастырылмақ. 10 тамызға жоспарланып отыр.

Концертке сатып алынған билеттер қайтарылмайды. Әлемдік жұлдыздың командасы осындай талап негізінде екінші концертті өткізуге келіскен.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар