Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әділдік болмаса не істеймін?!: Марқұм Ақнәрдің анасы мәлімдеме жасады

10:40, 22 мамыр 2025 143

Марқұм Ақнәр Хамиттің анасы Гүлістан Хамит Астанадағы Бас прокуратураға тағы да келді, деп хабарлайды ALASH.KZ Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін Гүлістан Хамит марқұм қызының өлімі бойынша қылмыстық істі тергеу тоқтап тұрғанын айтқан.

Алматы полицейлерінен әбден күдерін үзген ана Бас прокуратура ғимаратының табалдырығын тоздырып жүр.

«Бас прокуратурада Келімжанов мырзаның қабылдауында болдық. Ол бұл іс бойынша барлық жағдайды қарастыратынын және тергеу органдарын тереңдетіп тексеретінін айтты. Талап-арызымызда осы істі Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігінің 5-тармағы бойынша тергеп, кейін қыздардың бас бостандығын шектеу шарасын өзгертіп, оларға санкция салуды, әрі қарай тергеу амалдарын жүргізуді сұрадық», - деді ол.

«Қазақстан Республикасының бас қаласы – Астанада, әділеттің үні шығатын осы қаладағы президент әкімшілігінің қасындағы Бас прокуратура енді осы істі қадағалап, ақ-қарасын айырып, менің жан айқайыма жауап бермесе, онда мен не айтарымды білмеймін, бірақ әлі де үміттенемін. Әділдік сөзсіз болады деп сенемін. Үмітсіз шайтан демей ме!», - деді Гүлістан Хамит.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар