Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

30-40 мыңға тамақ аламыз: Ардақ Назаров отбасылық шығынын айтып, елді ашуландырды

09:22, 22 мамыр 2025 1327

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров кулуарда журналистерге отбасылық бюджеті жайлы айтты,деп хабарлайды ALASH.KZ Kursiv.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның сөзінше, айына отбасы азық-түлікке 50 мың теңгеге дейін қаражат жұмсайды.

«Ет ауылдан келеді. Ал енді азық- түлікке көп ақша жұмсаймаймыз, өйткені біз көп тамақ жейміз деп айта алмаймын. Қарапайым дастархан, нанымыз бар, шәйіміз бар. Енді жақсылап алатын болсақ 30-40-50 мың теңге айналасында шығар», – деді ол Qaz365 тілшісіне.

Бірақ көпшілік бұл бағаға келіспейтін тәрізді. Видео астына желі қолданушылары «бұл ақша бір рет дүкенге кіріп шығудан артылмайтынын» жазып жатыр.

Депутаттың сөзіне елдегі экономикалық жағдай қайшы болып тұр. Сәуірде елдегі жылдық инфляция 10,7%-ға өсті. Ең жоғары инфляция Астанада тіркелді. Азық-түлік бағасы да көтеріліп барады. Бір ай ішінде Астанада азық-түлік 8,5%-ға қымбаттаған.  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар