Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"4,5 мың гектар. 217 млн теңге" - Назарбаевтардың атамекенін кім сатып алды?

10:46, 14 тамыз 2025 271

Алматы облысындағы атышулы Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған 4,5 мың гектар жер аукционда 217 млн теңгеге сатылды, деп хабарлайды Alash.KZ порталы Ertenmedia сайтына сілтеме беріп. 

Ескі Қазақстанның активтерін қайтарумен айналысатын компания (КУВА) Шамалған ауылы маңындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы ірі жер телімі жаңа иесін тапқанын мәлімдеді.

Аукцион 13 тамыз күні өткен, мәміле 217 млн теңгеге жасалған.

Аумағы 6300 футбол алаңына тең келетін учаскі бұған дейін Боранбаев құрылтайшысы болған "Алмалы" холдингінің меншігінде еді. Айта кету керек, аумақ бастапқы ұсынылған бағамен сатылған.



Келісімшарт заң бойынша 10 жұмыс күні ішінде рәсімделіп, сома толық түскеннен кейін ғана жер телімі жаңа иесіне өтеді. Бұдан түскен қаражат арнайы мемлекеттік қорға аударылады.

Қаскелеңге жақын орналасқан Шамалған ауылы Назарбаевтың кіндік қаны тамған, әулеттің "атамекені" саналады. Құйқалы жердің жаңа қожайыны туралы ақпарат ашық айтылмай отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар