Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Өнерге қайта оралмаймын": Мақпал Жүнісова жан сырын ақтарып, жылап қалды (ВИДЕО)

15:43, 13 тамыз 2025 655

Танымал әнші Мақпал Жүнісова өзінің әкесін айтып, сұқбат барысында жылап қалды, деп жазады Alash.kz.

Мақпал Жүнісова журналист Аман Тасығанға берген сұқбатында әке аманты жайлы айтып, көз жасына ерік берді.

"Үлкен ағам Болат қайтыс болып кетті. Бір қызды құтқарамын деп Ертістің суына ағып кетті. Сосын бір жылдан кейін әкем қайтыс болды. Әкем қайтыс болғанда, "өнерге қайта оралмаймын" дедім. Шешем үйден қуғандай боп, әрең шығарды ғой. "Әкең өлерінің алдында сенің "Папажан" деген әніңді радиодан тыңдап, "міне, менің қызым" деп мақтанған" деді шешім. Сол кезде "Мақпал әнін тастамасын, әнін жалғастырсын" деп айтыпты. Әке аманатына адал болдым. Ол кісі мене үлкен үміт күтті", – деп еске алды Мақпал Жүнісова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар