Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда Жастар күнін 5 мыңнан астам жас "Бірлік, тазалық және жауапкершілік" ұранымен мерекеледі

17:50, 13 тамыз 2025 68

Алматыда Халықаралық жастар күні "Бірлік, тазалық және жауапкершілік" тақырыбында кең ауқымда аталып өтті. Биылғы мереке қала әкімінің қолдауымен жаңа форматта ұйымдастырылған "ALMA LOVE" онкүндігімен қорытындыланды, деп хабарлады қалалық Жастар саясаты басқармасы.

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен гранд-финалға 5 мыңнан астам жас қатысты. Бұл шара жастардың ортақ құндылықтар мен азаматтық жауапкершілікке беріктігін айқындады.

Онкүндік аясында қала аудандарында экологиялық челлендждер, шабыттандыратын "Jastar Talks" кездесулері, квесттер, би жарыстары, әлеуметтік жобалар көрмесі және Жайдарман ойындары ұйымдастырылып, 30 мыңнан астам тұрғынды қамтыды.

"Биылғы ALMA LOVE онкүндігі жастардың әлеуетін ашуға және шығармашылық идеяларын іске асыруға бағытталған ерекше жоба. 10 күн бойы алматылық жастар түрлі іс-шараларға қатысты. Бір фестиваль аясында мұндай ауқымды жоба алғаш рет қолға алынды. Жастар Алматының дамуы мен жаңаруына серпін беретін күш. Біз олардың бастамаларын әрдайым қолдаймыз", – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков.

Гранд-финалда қала дамуына үлес қосқан жас көшбасшылар мен еріктілерге Алматы әкімі атынан алғыс хаттар табысталды.

"Фестиваль жоғары деңгейде өтті. Бұл ауқымды шараның бір бөлігі болғаныма қуаныштымын. Қолдау білдіргендердің бәріне алғыс айтамын. Алматыны бірге таза ұстайық", – деп бөлісті "Вирус жобасы" экологиялық бастамасының жетекшісі Дулат Нәбиев.

Гала-концертте Dosekesh, Нұрболат Қанай, Еркеш Хасен, Yenlik сынды өнерпаздар сахнаға шықса, кештің басты қонағы – Қайрат Нұртас болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар