Танымал журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде сүйінші жаңалығын айтып, оқырмандарын қуантып қойды, деп жазады Alash.kz.
Руслан Өтепбай Instagram желісіндегі ресми парақшасында ұзақ үзілістен кейін телевизияға қайта оралғанын хабарлады.
"Ардақты ағайын! 9 айлық үзілістен соң қайтадан ТВ-ға оралдым. Қанша уақытқа келгенімді бір Алла ғана біледі. Бірақ берілген мүмкіндікті қалт жібермей, ел үшін еңбек етуді командамен жалғастырамыз. Жаңа бағдарламаның атауын – "Әділдік алаңы" деп атадық. Әділдік іздеген жандар осы студияда мұратына жетсе деген арман", – деді Руслан Өтепбай.