Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Толыпсың, семізсің": Ерке Есмахан өзін сынап, тіл тигізіп жатқандарға жауап берді (ФОТО)

12:30, 24 тамыз 2025 475

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде өзінің сырт келбетіне қатысты айтылған сынға жауап берді, деп жазады Alash.kz.

Айтуынша, Айрақтыдағы концерттен соң оқырмандарының арасында оны "толып кеткен" деп сынағандар табылған.

"Кішкентай ғана батырым, мамасының созған жатырын. Айрақтыдағы концерттен соң желіде маған "толыпсың", "семізсің" деп жазған пікірлерді оқып қалдым. Айналайындар-ау, мен тек фигура ойлап жүретін болсам қолымдағы мына тәтті баланы кім туар еді? 2 ай бұрын босанған ананы түсініп қойыңыздар. Әр кезеңнің өз әдемілігі бар", – деп жазды әнші.

Сонымен қатар, өнер иесі көп ұзамай бұрынғы сымбатына қайта оралатынын айтып, уәде берді.

"Сөзім сөз", – деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар