Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Үнемі жылап қайтатынмын": Сабина Алтынбекова елден жасырған құпиясын ашып айтты (ВИДЕО)

13:36, 24 тамыз 2025 501

Белгілі волейболшы Сабина Алтынбекова журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында Қазақстан ұлттық құрамасында ойнаған алғашқы жылдары бастан өткерген қиындықтары туралы ашық айтты, деп жазады Alash.kz.

Әйгілі спортшының айтуынша, сол кезеңде ол жиі бапкерімен сөзге келіп қалып, әділетсіз көзқарасқа тап болған.

"Бапкермен келіспей қалатын сәттерім жиі болды. Маған неге осындай теріс көзқарас қалыптасқанын өзім де түсінбедім. Кейін сұхбаттарда мен ойнай алмайтыным, тек сұлулығыммен ерекшеленетінім айтылды. Тіпті жеңілістеріміздің себебін де менімен байланыстыратын. Жаттығудан кейін үнемі жылап үйге қайтатынмын. Ұлттық құрамадан кеткім келетінін айтып, бапкеріме қоңырау шалған кездерім болды. Ол уақытта психологиялық жағдайым өте ауыр еді", – деді Алтынбекова.

Айта кетейік, Сабина Алтынбекова Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 2013 жылдан 2018 жылға дейін өнер көрсеткен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар