Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Маңызды қадам”. Сүйінші! Аймағамбетов бар қазаққа жағатын қуанышты жаңалығын бөлісті

09:48, 10 шілде 2025 1423
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Қазақстанның цифрлық тәуелсіздігі мен болашағы үшін жасалған маңызды қадамның бірі туралы айтты, деп жазады Alash.KZ.
 
“Керемет жаңалық: Қазақстанда суперкомпьютер іске қосылды. Иә, біреу бұған таңқалуы мүмкін, біреу мән бермей өте шығар. Бірақ шыны керек, бұл- еліміздің цифрлық тәуелсіздігі мен болашағы үшін жасалған ең маңызды қадамдардың бірі.
Бұл жай ғана күшті техника туралы әңгіме емес. Ол кәдімгі компьютер жылдап есептейтін дүниені бірнеше секундта шығарып бере алатын ақылды жүйе.
Қазіргі таңда барлық алдыңғы қатарлы технологиялар дәл осындай қуатты есептеу жүйелеріне сүйенеді: жасанды интеллект, нақты болжам жасау, күрделі медициналық есептеулер, қала өмірін басқару, қауіпсіздік, экономика моделін құру- бәрі осының негізінде іске асады.
 
Қарапайым мысалдар:
🔹 Дәрігерге бардыңыз делік-суперкомпьютер рентген немесе талдауды қарап, нақты қандай мәселе бар екенін тез анықтауға көмектеседі.
🔹 Жолда- мұндай жүйе көлік ағынын реттеуге, кептеліс пен апатты азайтуға мүмкіндік береді.
🔹 Ал мемлекет деңгейінде- бюджет қалай бөлінуі керек, қай жерде мектеп немесе аурухана салу қажет, алдағы 10 жылда қандай қажеттілік туындайды- бәрін алдын ала есептеп береді.
Осындай жүйелер бүгін өте қажет.
Өйткені бүкіл әлем үлкен деректер мен нейрожелілер дәуіріне көшті. Кімнің есептеу қуаты жоғары- басымдық соның қолында.
Бұрын мұндай есептеулерді ғалымдар апталап, айлап жасайтын. Қазір- бірнеше сағат жеткілікті. Бұл- ауыл шаруашылығынан бастап, білім мен медицинаға дейінгі көптеген саланың жұмыс тәсілін өзгертіп жатыр.
Бүгінде бізде қазақ тілінде жұмыс істейтін үлкен тілдік модель (LLM) бар. Енді оған суперкомпьютер қосылды. Яғни, біз өз тілімізде, өз қажеттілігімізге бейімделген, өзімізге арналған шешімдерді өз қолымызбен жасай аламыз.
XXI ғасырдың мұнайы, ақпарат деп жатады ғой.
Ал суперкомпьютер болса, сол шикі деректерден нақты, пайдалы өнім шығаратын зауыт. Басқаша айтқанда, ол- болжам, модель, шешім жасайтын құрал.
Мен біздің ғалымдар мен ІТ-мамандар осы мүмкіндікті толық әрі тиімді пайдаланады деп сенемін.
Президенттің тікелей бақылауы мен қолдауының арқасында жасанды интеллект саласында ауқымды әрі стратегиялық маңызды жобалар жүзеге асып жатыр”,- деп жазды Асхат Аймағамбетов.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар