Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сес көрсетті! Тоқаев Трамптан келген хатқа жауап берді

11:02, 10 шілде 2025 548
 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың Қазақстаннан импортталатын тауарларға баж салығын салу туралы хатына жауап жолдады, деп хабарлайды Alash.KZ.

Мемлекет басшысы Қазақстан Америка Құрама Штаттарының бұрыннан келе жатқан сенімді сауда әрі инвестициялық серіктесі ретінде әділ, түсінікті және өзара тиімді сауда байланыстарын дамытуға бейілділігін атап өтті.

Қазақстан Президенті сауда мәселелері бойынша рационалды шешім әзірлеу мақсатында еліміздің конструктивті диалогты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев сауда проблемасына қатысты ортақ мәмілеге қол жеткізуге болатынына сенім білдірді.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп шетелден келетін тауарларға баж салығы енгізілетінін мәлімдеді. Сауда және интеграция министрлігі аталған өзгеріске байланысты пікір білдірді.

Министрлік мәліметінше, 7 шілдеде АҚШ президентінен 1 тамыздан бастап жаңа импорттық баж енгізілетіні туралы ресми хабарлама түскен.

"Қазақстаннан АҚШ-қа экспортталатын өнімдер үшін жеткізілетін тауардың барлық көлеміне 25 пайыз бірыңғай мөлшерлеме белгіленген. Алайда қазақстандық экспорттың басым бөлігі - мұнай, уран, күміс, ферроқорытпа, тантал және титан сияқты негізгі шикізат пен стратегиялық тауарлар. Олар баж салығынсыз жеткізілуін жалғастыра береді. Қабылданған шаралар Қазақстан экспортының шамамен 95 пайызына әсер етпейді деп жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар қазақстандық тауарларға сауда режимін сақтау мақсатында ҚР Үкіметі АҚШ әкімшілігіне өзара сауда шарттарын жақсарту жөніндегі нақты шаралар мен бастамаларды жолдаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар