Қазақтың алтын ұлы Димаш Құдайбергеннің отбасында үлкен жаңалық болды, деп жазады Alash.KZ.
Бұл туралы әншінің анасы өзінің жеке парақшасында жариялады. Ол "Ақ Рәшөніміз дипломын алып, қуанып тұрмыз. Еліңе қызмет етіп, халқыңның жанына араша болар білікті дәрігер бол, ботам!" деп жазды.
Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайбергеннің қарындасы бірнеше ай бұрын ғана сырғалым атанған болатын. Енді диплом алып, үлкен өмірге қанат қағып жатыр.