Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтөбеде ауыл әкімі өзіне қол жұмсамақ болған сәтінде әйелі құтқарып қалған

18:12, 09 шілде 2025 305

2025 жылғы 7 шілдеде Ақтөбе облысы Алға ауданына қарасты ауыл әкімдерінің бірі суицид жасауға әрекеттенді, деп хабарлайды Alash.kz.

Оқиға туралы ресми түрде Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншәлиев мәлімдеді. Оның айтуынша, әкімнің өмірін оның жұбайы құтқарып қалған.

"Оқиғадан кейін дереу жедел жәрдем шақырылып, ол ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Не себеп болғанын нақты айта алмаймын – бұл жеке мәселе", – деді аудан әкімі.

Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 47 жастағы шенеунік 7 шілдеде Алға аудандық ауруханасына түскен. Қазір оның жағдайы тұрақты, жалпы палатада жатыр.

Аталған оқиға бойынша полиция тарапынан сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Суицид жасауға әрекет ету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жарияланбайды", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

 

 

 

Спросить ChatGPT

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар