Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өзінің жүкті әйелін "белдікпен бір сағат ұрған" рэпер Qurt жұбайымен сотта татуласты

17:15, 09 шілде 2025 184

Белдікпен сабау фактісімен ел назарын аударған оқиғадан кейін қазақстандық рэпер Qurt (Дамир Қойшыбаев) пен оның жүкті жұбайы сотта татуласқаны белгілі болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Аружан Қойшыбаева күйеуі тарапынан ұзақ уақыт белдікпен соққыға жығылғанын жазып, денесіндегі көгерген жерлердің суреттерін жариялаған болатын. Ол медициналық сараптама жасатып, полицияға арыз түсіретінін мәлімдеген. Оқиға 2025 жылдың 27 маусымында Астанада болған. Әйел тұрмыстық жанжал кезінде күйеуінен жәбір көргенін айтып, құқық қорғау органдарына шағым түсірген. Сотқа дейінгі тергеу басталып, рэперге қатысты қорғау ұйғарымы шығарылған.

Алайда уақыт өте келе ерлі-зайыптылардың өзара келісімге келгені хабарланды. Сотта татуласқаннан кейін Аружан Қойшыбаева әлеуметтік желідегі барлық жазбаларын өшіріп, күйеуімен түскен фотоларын қайта жариялады. Полиция мәліметінше, жәбірленуші ресми түрде шағымын қайтарып алған.

Айта кетейік, бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс туғызып, әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен талқыланды. Қоғам белсенділері бұл оқиға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңнаманың әлсіздігін айқын көрсетті деп сын айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар