Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Мәйіті әлі табылған жоқ!”: Атырауда аяусыз өлтірілген қыздың өліміне қатысты сұмдық дерек шықты

15:26, 04 шілде 2025 268

Атырауда 2024 жылдың күзінде жоғалып кеткен 23 жастағы Яна Легкодимованың ісі сотқа жолданды. Тергеу барысында күдіктілер қылмыстарын мойындап, қызды өлтіргендерін және денесін Жайық өзеніне тастағандарын айтқан. Алайда марқұмның мәйіті әлі күнге дейін табылған жоқ, деп хабарлайды  Alash.kz.

Мәйіттің әлі табылмағанына қарамастан, сот процесі басталмақ. ORDA.KZ мәләмдеуінше, бұл - сирек кездесетін тәжірибе. Дегенмен заңгерлердің айтуынша, егер айыпталушылардың мойындауы, куәгерлердің айғақтары және қосымша дәлелдер жеткілікті болса, сот үкім шығара алады.

“Ең қиыны - баламның қайда екенін білмеу, оны жерлеп, қоштаса алмау. Бірақ әділдік орнайды деп сенемін. Денесі табылмаса да, үкім шығуы тиіс” дейді марқұмның анасы Галина Легкодимова.

Айта кетейік, Яна 2023 жылдың қазан айында із-түссіз кеткен. Қыздың жоғалуынан кейін көп ұзамай полиция 24 және 25 жастағы екі жігітті ұстаған. Тергеу кезінде олар қызды тұншықтырып өлтіріп, денесін өзенге тастағандарын мәлімдеген. Қылмыстың себебі әлі жарияланған жоқ.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар