Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Ресей жеңілсе, кезек Қытайға келеді!” - Пекин шын пікірін білдірді

09:11, 04 шілде 2025 1217

Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван И Еуроодақ өкілдерімен кездесу кезінде Бейжіңнің Ресейдің Украинадағы соғыста жеңілуіне жол бергісі келмейтінін аңғартты, деп мәлімдейді Alash.kz Ulysmedia ақпараттық порталына сілтеме жасап. 

Ван И Еурокомиссия төрағасының орынбасары Кая Калласпен сөйлесу барысында, егер Ресей жеңілетін болса, АҚШ-тың стратегиялық назары бірден Қытайға ауысуы мүмкін екенін алға тартқан. Бұл мәлімдеме еуропалық дипломаттар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Өйткені бұған дейін Қытай тарапы жанжалға қатысты бейтарап позиция ұстанатынын бірнеше рет мәлімдеген болатын.

Сонымен қатар, Ван И Қытайдың Ресейге материалдық қолдау көрсетіп жатқаны жөніндегі айыптауларды жоққа шығарып, Бейжіңнің Мәскеуге әскери немесе қаржылай көмек бермейтінін нақты айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар