“ҚТЖ” ұлттық компаниясына уақытша басшы тағайындалды, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Ерлан Қойшыбаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының уақытша төрағасы болып тағайындалды.
Ол Нұрлан Сауранбаевтың Көлік министрлігіне ауысуына байланысты басқарма төрағасының міндетін уақытша атқаруда.
Ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес, басқарма төрағасының логистика жөніндегі орынбасары уақытша компания басшысы қызметін атқарады.
Сондай-ақ Ерлан Қойшыбаев — Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Даниал Ахметовтің күйеу баласы екені белгілі.