Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Азаптап өлтірген: Әзербайжандықтардың қазасы туралы тың дерек шықты

17:30, 01 шілде 2025 1047

Екатеринбургтегі әзербайжандықтардың қазасы: Әзербайжан Бас прокуратурасы азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Екатеринбург қаласында әзербайжан диаспорасының өкілдері қаза тапқаннан кейін басталған дипломатиялық жанжал аясында Әзербайжан Ресей әртістерінің елде өнер көрсетуіне тыйым салды.

Көп ұзамай Бакуде арнайы операция жүргізілді – құқық қорғау органдары Ресейлік «Спутник» агенттігінің әзербайжандық бөлімінің директоры мен бас редакторын ұстады.

Minval Politika басылымының мәліметінше, бұл журналистер ФСБ қызметкерлері болған, яғни «журналистік қызметпен жамылып жұмыс істеген».

Баку тарапынан айтылған мәлімдемеге сәйкес, Ресей құқық қорғау органдарының қолынан қаза тапқан Сафаровтар бауырларының мәйіттері Әзербайжан астанасына жеткізілді. Ресей тарапы қаза себептері туралы «жүрек ауруы» деген нұсқаны ұсынғанымен, Баку бұл мәліметті қабылдамады. Мәселен, ресейлік тарап Зияддин Сафаровтың өліміне жүрек дерті себеп болды деп көрсеткен.

Әзербайжан тарапы өз алдына сот-медициналық сараптама жүргізуді шешті. Нәтижесінде, Гусейн Сафаров — жарақаттан және қан жоғалтудан кейінгі шоктан көз жұмғаны анықталды.

Екі ағайынды да көптеген жарақаттар алған.

Зияддин Сафаровқа қатысты ресейлік сараптама жүрек ауруын көрсетсе де, Әзербайжандағы сараптама мұны толықтай жоққа шығарды.

 Бакудегі зерттеуге сәйкес, оның денесінде — бетінде, иығында, қолтықтарында — көптеген көгерген іздер, сызаттар мен қанталаған жерлер болған.

Кеуде тұсы деформацияланған, жыныс мүшелері зақымдалған, бүйрек тұсында гематома анықталған. Бір қабырғасы мүлде болмаған, қалғандары сынған. Сараптама оның да өліміне ауыр жарақаттар себеп болғанын көрсетті.

Сараптама қорытындысы бойынша, Сафаровтарды аса қатыгездікпен өлтірген. Мұрын сынуы, көз айналасындағы гематомалар және басқа да ауыр жарақаттар тіркелген.

«Екатеринбургтегі сарапшы Степан Перетягин Бакуде ешкім қайта тексермейді деп ойлаған», – деп келтіреді Minval басылымы Әзербайжанның бас сот-медициналық сарапшысының сөзін.

Әзербайжан Бас прокуратурасы Ресейде әзербайжан азаматтары мен әзербайжан текті тұлғаларға қатыгез азаптау және қасақана адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар