Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әлеуметтік желіде лайк баспағандарды жазалаған шенеунік қызметінен кетті

16:23, 14 мамыр 2025 116

Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Марат Спатаев қызметін ресми түрде аяқтағанын жариялады, деп жазады Alash.KZ.

"Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығындағы басшылық қызметімді ресми түрде аяқтаймын. Бұл мен үшін өмірімнің маңызды, жауапты әрі ерекше кезеңдерінің бірі болды. Осы уақыт ішінде бірге жұмыс істеген барлық әріптестеріме, сенім білдірген басшылыққа және қолдау көрсеткен серіктестерге зор алғысымды білдіремін. Жастармен жұмыс істеу – менің жүрек қалауым әрі өмірлік ұстанымым. Осы салада жүзеге асқан әрбір жоба мен атқарылған әрбір іс мен үшін аса құнды", – деп жазды әлеуметтік желідегі жазбасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар