Ұлттық мектептер жобасы жетекшісі, "QAZBILIM GROUP" компаниясы басқарма төрағасы Аятжан Ахметжанның болжамы осындай, деп жазады Alash.KZ.
Мемлекет бөлуі тиіс қаржыны жыл басынан бері кешіктіріп жатқандықтан жеке мектептер бірінен соң бірі банкротқа ұшырап жатқан көрінеді.
Мектеп иелері ақпан, наурыз айларындағы шығынын қарыз алып жапқан болса, сәуір айындағысын өтеуге қауқарсыз болып қалған.
Соның салдарынан жалақы кешіктіріліп, мұғалімдер жұмыстан кеткен. Ал кадрдан айырылып жатқан мектептің болашағы бұлыңғыр екені түсінікті,-дейді маман.