Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Танымал актер 2 әйелге тиісіп, бір актрисаны зорлады деген айыппен сотталды (ФОТО)

19:40, 13 мамыр 2025 701

Сот Жерар Депардьені 18 ай шартты түрде бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ ол жыныстық қылмыскерлер тізіміне тіркеліп, психологиялық көмек курсынан өтуі тиіс, деп хабарлайды  ALASH.KZ BILD басылымына сілтеме жасап.

Депардье «Les Volets Verts» фильмі түсірілімі кезінде режиссер көмекшісі мен декоратор-суретшісіне тиіскені және оларға әдепсіз сөздер айтқаны үшін сотталды.

Жәбірленуші әйелдердің айтуынша, актер олардың кеудесі мен бөксесінен ұстаған.

Депардье тағылған айыптарды жоққа шығарды. Сотта ол бір қызметкердің санына қолы тигенін мойындады, бірақ мұның артында ешқандай жыныстық астар болмағанын айтты. Актер өзін «жиі ебедейсіз әрекет ететін адам» ретінде сипаттап, дөрекілігі оның болмысынан екенін, алайда бұл әйелдерге агрессивті болды дегенді білдірмейтінін жеткізді.

Қорғаушы тарап жәбірленушілердің мәлімдемелерінің шынайылығына күмән келтіріп, олардың қаржылық мүддесін алға тартты.

Декоратор-суретші Амели кейін сот процесі оның өзіне көрсетілген қысымнан да ауыр болғанын мойындады. Ол тек Депардьенің әрекетіне емес, сот залындағы актердің адвокатының мінез-құлқына да наразылық білдірді: адвокат әйелдерді «истеричкалар» деп атап, ұзақ монологтарымен процесті әдейі созған.

Айта кетейік, Депардье тағы бір істің аясында сотқа қайта тартылуы мүмкін — актриса Шарлотта Арнуль оны зорлады деп айыптаған. Актер бұл айыпты да жоққа шығарып отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар