Жасөспірімдер қызды моншада жуынып жатқан жерінен видеоға түсірген. Оқиға Алматы облысындағы "Достық" қоғамдық моншасында болған, деп жазады Alash.KZ.
Жасөспірімдер тобы жуынып жатқан 16 жастағы қызды жасырын видеоға түсіріп алған. Түсірілім тікелей душқа ашылатын қабырғадағы тесік арқылы түсірілген. Видео кейін жергілікті тұрғындар арасында тарап кеткен.
Жәбірленушінің анасының айтуынша, жасөспірімдердің бірі моншаның саңылауынан қыздың жуынғанын бақылаған. Қыздың анасы баласының психологиялық күйзеліске түскенін айтады. Қыз қазір үйден шықпай, үнемі жылап, тұйықталып қалған.
Полиция мәліметінше, барлық жасөспірім анықталып, бөлімшеге жеткізілді. Олардың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.