Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ұлттық госпиталь Сара Алпысқызының жағдайы туралы тың мәлімет берді

13:04, 15 мамыр 2025 990
 

Ұлттық госпиталь Сара Алпысқызының жағдайы туралы айтты, деп жазады Alash.KZ.

Естеріңізде болса, кеше Алпысқызы туралы жалған ақпарат тараған болатын. Tengrinews.kz жіберген сауалға берген жауабында Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталі Сара Назарбаеваға қатысты былайша пікір білдірген.

"Науқастың өлімі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Науқас Ұлттық госпитальде емделіп жатыр", - деп жазылған Ұлттық госпитальдің берген жауабында.

Мекеме "Денсаулық сақтау және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 273-бабына сәйкес диагнозға, денсаулыққа қатысты мәліметтер дәрігерлік құпия екенін мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар