Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қаржаубайдың өзі келді – бізді қорлап, бізді де ұрды": Айыпталушы Нұрбол Тоқтаубаев жәбірленушілерді айыптады

16:19, 15 мамыр 2025 496

Талдықорғанда өтіп жатқан Шерзат Полат сотында екінші сотталушы Нұрбол Тоқтаубаев бұрын берген айғақтарынан бас тартты, деп жазады Alash.KZ.

Себебі ол тергеу барысында соққыға жығылып, қысым көріпті.

"Маған қысым жасалды. Тәртіп сақшылары ұрды. Бұл туралы бірнеше рет арыз жаздым. Полиция бөліміне кірген соң жауап алғанша ұрды. Қысқасы, олар бізге: "Сендер туралы фильм түсірейік" деп айтты. Олар мені ұрды. Келгендердің бәрі, тергеушілер де ұрып соқты. Олар, былай айтасың, былай сөйлейсің деді. Қаржаубайдың өзі келді – бізді қорлап, бізді де ұрды, куәгерлер бар", - дейді сотталушы.

Тоқтаубаевтың адвокаты соттан ұрып-соғу және азаптау туралы ұйғарым шығаруды сұрады. Бірақ сот оны қанағаттандырмады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар