Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шерзат Болаттың өліміне қатысты ашық сот отырысы басталды - онлайн-трансляция

10:55, 15 мамыр 2025 129
 

Бүгін Шерзат Болаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша басты сот талқылауы тікелей эфирде қайта жалғасты, деп жазады Alash.KZ.

Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы соттың YouTube-арнасынан көре аласыздар.

Еске салайық, былтыр Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болат көз жұмды.

Fталған іс бойынша барлығы 9 адам айыпталуда:

– Абзал Шынасыл — ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі («Бұзақылық»), 99-бабы 2-бөлігі 4 және 5-тармақтары («Аса қатігездікпен қасақана кісі өлтіру»), сондай-ақ 24-баптың 3-бөлігі («Қылмысқа дайындалу және оқталу») бойынша;

– Равиль Сакиев — 293-бап 3-бөлігі және 99-бап 2-бөлігі 7 және 9-тармақтары бойынша («Бұзақылық», «Аса қатігездікпен қасақана кісі өлтіру»);

– Шыңғыс Белқожаев, Дархан Аскентай, Нұрқияс Ілиясов, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Ғалиахмет, Азамат Тоқтаубаев — 293-бап 3-бөлігі бойынша («Бұзақылық»);

– Думан Ысқақ — 434-бап («Қылмыс туралы хабарламау») бойынша жауапқа тартылуда.

Сот отырысы ашық форматта өтіп жатыр. Процестің тікелей трансляциясы Жоғарғы Соттың ресми YouTube арнасында жүргізілуде.

Мәліметтерге сүйенсек, сот алдына келген айыпталушылардың төртеуі бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылған болып шықты. 

Атап айтқанда, Равиль Сакиев 2021 жылы 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған, Шыңғыс Белқожаев 2015 жылы бас бостандығын шектеу жазасына кесілген, Нұрқияс Ілиясов – 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын алған. Ал Азамат Тоқтаубаев 2024 жылы 7 жылға сотталған. Айыпталушылардың екеуі — адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін жауапқа тартылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар