Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Таиландта демалып жүрген”. Белгілі опера және балет театрының әртісі қайғылы жағдайда көз жұмды (ФОТО)

19:49, 21 шілде 2025 1163

Таиландта Саха елінің опера және балет театрының әртісі Михаил Дмитриев қайғылы жағдайда көз жұмды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
БАҚ мәліметінше, Бангкок қаласында демалып жүрген Михаил Дмитриевті көлік қағып кеткен.

Белгілі болғандай, марқұмның денесін Ресейге жеткізу үшін қомақты қаражат қажет. Осыған байланысты қаражат жинау басталғаны хабарланды.

Михаил Дмитриев Д.К. Сивцев Суорун Омоллоон атындағы Саха Республикасының Мемлекеттік опера және балет театрында 14 жылдан астам уақыт жұмыс істеген. 2024 жылы ол Саха Республикасының «Мәдениет үздігі» атағына ие болған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар