Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Өлім себебі белгісіз”. Сегіз мәрте әлем чемпионы болған даңқты балуан қайтыс болды (ФОТО)

22:32, 21 шілде 2025 856

Күрес әлемі қара жамылды. Әйелдер күресінің аңыз тұлғасы, Олимпиада чемпионы, әлемнің сегіз дүркін жеңімпазы Хитоми Обараның қайтыс болды. Бұл туралы Жапонияның күрес федерациясы ресми түрде мәлім етті. Қайғылы жағдайдың нақты себебі әзірге белгісіз, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 1bol.kz сайтының хабарлауынша, Хитоми Обара спорт жолын Сакамото тегімен бастап, 51 келі салмақта 2000–2011 жылдар аралығында әлем чемпионатында сегіз мәрте топ жарды. Ал 2012 жылы Лондон Олимпиадасында 48 келі салмақта алтын медаль жеңіп алып, Олимпиада чемпионы атанды.

Спорттық мансабын 31 жасында аяқтаған Обара бапкерлікке бет бұрып, жаңа кезеңге қадам басты. 2022 жылы Халықаралық күрес федерациясы оның құрметіне «Даңқ залын» ашып, есімін берді.

2024 жылдың басында Хитоми Обара мен төрт дүркін Олимпиада чемпионы Каори Ичо 2028 жылғы Олимпиадаға дейін Жапония әйелдер құрамасының бапкерлері ретінде тағайындалған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар