Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жауласу керек, өлгенше өштесу керек дегенмен келіспеймін": Айгүл Иманбаева бұрынғы күйеуі жайлы шындықты айтты

18:31, 20 шілде 2025 1023

Танымал актриса, әнші Айгүл Иманбаева бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықовпен бірге ұлы мен келініне және 1 жасқа толған немересіне той жасап берді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Тойда Айгүл Иманбаеваның анасы, бұрынғы және қазіргі енесі қатар тұрып тілек айтты.

Той төрінде әншінің ұлы мен келінінің және немересінің есімі жазылып тұрды.

Желіде жарияланған кадрлардан тойға актрисаның ет жақындары, әріптестері, достары келгенін байқауға болады.

"Енді Сәбит әкесі, білесіздер. Мүмкін, менің өлшеміме сай келмейтін шығар. Екі жаққа кеткесін, жауласу керек, өле өлгенше өштесу керек дегенмен келіспеймін. Ол менің баламның әкесі тойдың төрінде отыруы тиіс", – деген пікірде Айгүл Иманбаева.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар